Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басты.
"3 маусым күні сағат 21:00-де Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Пейжім ауылындағы бірнеше көше мен ауланы су басқандығы жөнінде хабарлама түсті. Таулы аймақта жауған нөсерлі жауын салдарынан бүйірлі ағынның қалыптасуы тіркелді. Оқиға орнында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде. 23 сағат 30 минутта судың ағуы тоқтады. Оқиға орнында қаза болғандар жоқ. Жағдай бақылауда. Арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр", – делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу