"Жақсы" және "қанағаттанарлық жағдайдағы" республикалық жолдардың үлесі 94%-ға, ал жергілікті жолдардың көрсеткіші 91%-ға тең.
"Биыл осы өңірдің жолдарын дамытуға 61 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 43 млрд теңгені 693 шақырымдай республикалық жолдарды күтіп ұстап, жаңғыртуға, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеуге жұмсау жоспарланған.
Жаңғырту жұмыстарымен "Ұзынағаш – Отар", "Шамалған стансасы арқылы жалғасатын жол өткелі", "Құрты – Бурылбайтал" және "Құрты – Қонаев" автожолдарының учаскелері қамтылады. Ал "Көкпек – Кеген – Түп (Қырғызстанның шекарасы)", "Өзбекстан шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас", "Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" мен "Алматы – Бішкек" және "Алматы – Қорғас" жолдарын күрделі жөндеуден өткізу межеленген. Сонымен бірге "Алматы – Шелек – Қорғас", "Өзбекстан шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас" және "Кеген – Нарынқол" учаскелерінде орта жөндеу жүргізіледі", – деп хабарлады ҚР ИИДМ.
Бұл арқылы 2023 жылдың соңына дейін нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 93%-ға дейін жетуі тиіс.
Осы орайда биыл Алматы өңіріндегі жергілікті жолдарды жақсартуға 18 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 12,2 млрд теңге және облыстық бюджеттен 5,8 млрд теңге бөлінетінін айта кеткен жөн.
"Құрылыс пен жаңғырту жұмыстарына 8,3 млрд теңге қарастырылса, күрделі және орташа жөндеуге 3,9 млрд теңге жұмсалмақ ", – деп хабарлады ҚР ИИДМ.