Алматыға қарасты Бағанашылдағы № 1 Балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Омбудсмен Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілері ешқайда көшірілмейтінін айтты.
"Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың балаларына берілетін болды. Осыған дейін ол жақтағы тәрбиеленушілерге жағдай жасалмағанын, бұл интернаттағы қиындықтар туралы жазған едім", – деді жазбасында Зәкиева.
Динара Закиеваның сөзінше, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы облыстық әкімдігімен кездесуі нәтижесінде осындай шешім шығарылды.
Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысындағы №1 балалар үйінің тәрбиленушілері ғимараттарынан шығарылатынын, Қонаев қаласына көшірілетінін айтып, үндеу айтқан еді.