Алматы облысындағы Қайыңды көлінде қайғылы оқиға болды

1732

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға туристердің бірі көлге түскеннен кейін болған, деп  inbusiness.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысындағы Қайыңды көлінде қайғылы оқиға болды

Қайғылы оқиға "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында орын алған.

Ер адам Қайыңды көлінің бұлағын кешіп өтпек болған. Өкінішке қарай, ол ағынның тереңдігін есептемеген. Туристің аяғы тартылып, бірден су түбіне батып кеткен.

Қазір оқиға орнына ұлттық саябақ қызметкерлері келіп жеткен. Алайда қайғылы оқиға болған жерге сүңгуірлердің келу-келмеуі белгісіз. Мұндай мамандар 300 шақырымдай жердегі Алматыда.

"Қайғылы оқиға. Көлсай мен Қайыңды көлдерінде суға түсуге қатаң тыйым салынған. Бұл соңғы бес жылдағы төртінші оқиға. Суға кеткендердің екеуінің денесі әлі табылған жоқ. Көлдің тереңдігі өте үлкен, 35 метрге дейін жетеді", – дейді туристерді алып жүрген гид.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу