Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өңірдегі қант өндірушілердің заңға қайшы әрекеттерін анықтады, деп хабарлады inbusiness.kz.
"Талдау жүргізу барысында қант өндірушілердің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды. Соның негізінде Департамент 8 сәуірде 2 қант өндірушіге, атап айтқанда "Ақсу Кант" ЖШС мен "Көксу қант зауыты" ЖШС-ға ұйғарым шығарды", – деп жазылған хабарламада.
Қос өндіруші Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ескертпелерін 30 күнтізбелік күннің ішінде жоюы керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу