Алматы облысындағы кісі өлімі: әкесіне кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдік тағылды

87

Алматы облысында 15 жастағы қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.  

Алматы облысындағы кісі өлімі: әкесіне кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдік тағылды Фото: Москва 24

Әлеуметтік желілерде Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында ер адамның өз қызына пышақ салып, ажал құштырғаны жөнінде ақпарат тараған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыстық полиция департаменті бұл мәліметті растады: Тұздыбастау тұрғыны кісі өлтірген күдікпен ұсталды. Туыстарының бірі полицияға жасөспірімнің денесі табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары күдіктіні алкогольдік масаң күйде ұстады және үйден қылмыс құралы тәркіленді.

Қазір тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр, іс департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін 6 қыркүйекте Талғарда да ауыр қылмыс тіркелген болатын: белгісіз адам ер кісіні атып, кішкентай қызды алып қашқан. Тергеу дерегінше, күдікті мен қыздың анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған, жанжал салдарынан ол әйелдің ағасын атып, оқиға орнында қазаға ұшыратқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу