Алматы облысындағы қоқыс полигоны аумағында күкірт диоксидінің көрсеткіші жоғарылап кеткен

1122

"Қазгидромет" Алматы облысындағы полигонның өртенген жерінде ауа сынамасын іріктеп алды.   

Алматы облысындағы қоқыс полигоны аумағында күкірт диоксидінің көрсеткіші жоғарылап кеткен

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

"2020 жылғы 10 маусымдағы ТЖД ақпараты және БАҚ хабарламалары бойынша, Алматы облысының Іле ауданындағы қоқыс полигонында "Алматы-Өскемен" автожолының маңында өрт шықты. Оқиға орнына "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесіп барды. 
Экология департаменті, "Taza alem" ЖШС және "Таза жер" ЖШС өкілдерінің қатысуымен "Қазгидромет" РМК мамандары полигонның өрт шығу ауданында бірнеше нүктелерде ауа сынамасын алып, талдау жүргізді.
Жоспардан тыс іріктеу және талдау нәтижелері бойынша ШРШ-ның (шекті рұқсат етілген шоғырлану):
- өрт шығу ошағынан 1 км қашықтықта – күкірт диоксиді бойынша 1.02 ШРШ;
- өрт шығу ошағынан 1.5 км жерде – формальдегид бойынша 1.82 ШРШ, күкірт диоксиді бойынша 1.48 ШРШ асып кетуі тіркелген", - деп жазылған хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу