"Алматы Өнім" ЖШС Алматы облысындағы кондитер фабрикасын жаңғыртуға 3,5 млрд теңге қаржы салды деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық әкімдік баспасөз қызметі хабарлаған.
Жаңғыртудан кейін фабриканың жылдық қуаты 7 мың тоннадан 13 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарады.
Бүгінгі күні зауыт печенье, карамел, құрғақ таңғы ас, вафлидің 250-дей түрін шығарады.
Кәсіпорын 2008 жылы құрылған. Зауыттың негізгі жұмыс түрі – кондитерлік өнімді өндіру мен сату.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу