Алматы облысындағы марафонда бір адам қайтыс болды

1018

1982 жылы туған ер адам мәреге 15 метр қалғанда көз жұмды. 

Алматы облысындағы марафонда бір адам қайтыс болды Фото: zakon.kz

Марафондағы қайғылы оқиғаны Алматы облысының әкімдігі растады, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Ультрамарафон Іле өзенінің аңғарында өтті. Қатысушылар 1, 3, 15, 35, 50 және 100 км қашықтыққа жүгірді.

9 мамыр күні Алматы маңындағы Іле өзенінің аңғарында өткен Tengri Ultra 2023 ультрамарафоны кезінде жарысқа қатысушы 41 жастағы ер адам қайтыс болды.

Ақпаратқа сәйкес, марафоншы күтпеген жерден өзін нашар сезініп, есінен танып құлаған.

"Жарыс кезінде кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы қарқынды терапияға кірісті. Бірақ өкінішке қарай ер адам қайтыс болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнына жедел жәрдемнің 10 минуттан кейін келгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі спорттық іс-шараны өткізу кезінде жедел жәрдем бригадасының тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етілді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу