Алматы облысында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шаралар онкүндігі басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ғабит Тұрсынбайдың мәлімдеуінше, Наурызға арналған онкүндік 12 наурыз күні басталып, 24 наурызға дейін жалғасады. Оның ерекшелігі, жеті бағытта жүреді.
Нақтырақ айтсақ, "Бірлік", "Қайырымдылық", "Құрмет", "Ұрпақтар сабақтастығы", "Үлгі", "Денсаулық", "Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз".
Мәселен "Бірлік" бағытында Қаратал ауданына Оңтүстік Кореядан делегация келеді деп жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу