Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді

154

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында "Қазсушар" мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді. 

Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді Фото: extraguide.ru

Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жиналған тасқын су суару кезінде шаруалардың қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл филиал 50 мың гектардан астам егіс алқабын 544 млн текше метрден астам сумен үздіксіз қамтамасыз етті.

"Су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Екі су қоймасы техникалық жай – күйі бойынша көп факторлы тексерістен өтіп, тасқын суын қабылдауға дайын", – деді "Қазсушар" филиалының директоры Бақыт Әбішев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу