Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті

385

Көлік жүргізушісі жауапқа тартылды.  

Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Фото: ulysmedia.kz

Алматы облысындағы тұрғын үй кешенінің ауласында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы "Нұрия" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. 

"Балалар түрлі дене жарақаттарын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен 25 жастағы Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін жауапкершілікке тартты", – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе балалар жүретін тұрғын үй аумақтарында, қатаң сақтауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу