Алматы облысындағы туристік нысандар жабылды

1398

Компанияларға бұл бағыттар бойынша турлар сатпау ұсынылды.

Алматы облысындағы туристік нысандар жабылды

Алматы облысындағы барлық туристік нысандар уақытша жабылады. Ал тур компанияларға өңір жауһарларына барып, саяхаттауға мүмкіндік беретін жолдамаларды әзірге сатпау туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы Алматы облысық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева хабарлады.

"Түсіністік танытуды сұраймын. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қабылданған уақытша шектеу", – деді басқарма басшысы.

Нысандар шамамен 15 сәуірге дейін жабылды. Жалпы облыс аумағында Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлдері, Алтын-Емел ұлттық паркі сынды 78 туристік бағыт бар. 2019 жылы бұл аймақтарға 2,3 млн адам саяхаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу