Алматы облысының 1 мың гектардан артық жері Жамбыл облысына беріледі

912

Алматы облысының 1 мың гектардан артық жері Жамбыл облысына беріледі

Жамбыл облысының жер аумағы көршілес Алматы облысының жерін қосуы есебінен ұлғайтылмақ. Бұл туралы шекаралардың өзгеруі туралы үкімет қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы облысының 1000 гектардан артық жері Жамбыл облысына беріледі. Алматы және Жамбыл облыстарының шекараларын өзгерту туралы" шешімді ел үкіметі қабылдады. Қордай ауданына Алматы облысының 1091,78 га жері берілді. Қаулы аясында қазіргі уақытта төрт субьектінің иелігінде тұрған 9 жер учаскесі беріледі", - деп мәлім етті Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Қазір Алматы облысындағы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары елдімекеннен 150 шақырым қашықтықтағы Ұзынағаш ауылында жүргізіледі. Жер аумағы ауыстырылған соң тұрғындар 80 шақырымдағы Жамбыл облысының Қордай ауылына қатынайтын болады. Мұнымен қатар жергілікті халық жайылым жерлермен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Жамбыл облысының жер көлемі 144 264 шаршы шақырымды құрайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу