Алматы облысының әкімі мен ForteBank ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

949

Алматы облысының әкімі мен ForteBank ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін "ForteBank" АҚ-ның Қаскелең қаласындағы бөлімшесінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен "ForteBank" АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі А. Баталов "ForteBank" АҚ-ның Қаскелең қаласындағы бөлімшесінің жөндеуден өткен ғимаратын аралап көрді.

"Бүгін облыс әкімдігі мен банк арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасып отырмыз. Бұл екі тараптың байланысының тың мүмкіндіктеріне жол ашып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенемін", - деді облыс әкімі А. Баталов.

Аталмыш банктің облыстық филиалының директоры Гүлжанат Абдрахманованың айтуынша, "ForteBank" АҚ-ның Алматы облысында бүгінгі күні 10 бөлімшесі жұмыс істейді. Оның 4-еуі Талдықорған өңірінде болса, 6-уы - Алматы маңында. Сонымен қатар жуырда Талдықорған қаласында жаңа филиалының құрылысы басталмақ.

"Меморандум аясындағы атқарылар шаралар арқылы облыстағы біз қызмет көрсетіп отырған 50 мыңнан астам жеке тұлғалар мен 4 мыңнан астам заңды тұлғалар үшін тиімді мүмкіндіктер қарастырылса, ал банк қызметкерлеріне жаңа міндеттер жүктеледі", - дейді Г. Абдрахманова.

Жалпы, "ForteBank" АҚ - бүгінгі күні Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкі арқылы елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау білдіріп отырған бірден-бір банк. Сонымен қатар "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры жүйесінің, "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы ретінде де кәсіпкерлікті ілгерілетуге атсалысып келеді. Ынтымақтастық барысында Алматы облысының шағын және орта бизнес саласында да осы мүмкіндіктер барынша кеңінен қатмамасыз етілетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу