Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
1976 жылғы 24 ақпанда Алматы облысы Шелек ауданы Қаратүрік ауылында дүниеге келді.
Білімі:
1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін,
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын,
2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
Еңбек өтілі:
1997 жылғы шілдеден бастап салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады;
2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің Аудит бөлімінің бастығы;
2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы;
2008 жылғы шілдеден 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2011 жылғы қазаннан 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі ("А" корпусы), Астана қаласы;
2014 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі болып тағайындалды