Алматы облысының Ақөзек ауылындағы көшелер мен бірнеше ауланы су басты

546

Зардап шеккендер жоқ.  

Алматы облысының Ақөзек ауылындағы көшелер мен бірнеше ауланы су басты Фото: SN.kz

Алматы облысына қарасты Ақөзек ауылында көшелер мен 6 жер үйдің ауласын су басты, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Алматы облыстық Төтенше жағдай департаментіне Ақөзек ауылындағы жағдай бойынша хабарлама 5 наурыз күні сағат 18.46-да келіп түсті.

"Ақөзек ауылында температураның жоғарылап, ауылдың солтүстік бөлігінен ауыл ішімен өтетін құрғақ арна бойындағы таулардың баурайынан еріген су төмен түскен. Қардың қарқынды еруі салдарынан Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай құрғақ арнадағы су деңгейі көтеріліп, құбырлы өткелдер кіретін су көлеміне төтеп бере алмады. Салдарынан көшелер мен 6 жеке тұрғын үйдің аула аумағы су астында қалды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Төтенше жағдай департаментінің 10 қызметкері, 2 бірлік техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ мәліметінше, 6 наурыз күні сағат 07:00-де су ағыны төмендеді, елдімекендер арқылы су транзиттік режимде өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу