Алматы облысының бас санитарлық дәрігері пневмониядан қайтыс болды

950

Марқұм дертке шалдыққанға дейін барлық аудандарды өзі аралап, ахуалды бақылаумен болған.

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері пневмониядан қайтыс болды

Бүгін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері өкпе қабынуының ауыр түрінен қайтыс болды. Қайрат Баймұхамбетовтың жасы 56-да еді, деп хабарлады Atameken Business. 

Әріптестерінің айтуынша, марқұм пандемиямен күресте алғы шепте болып, қарамағындағылармен бірге коронавирусқа қарсы шараларды ұйымдастыруға атсалысқан. Тіпті, дертке шалдыққанға дейін барлық аудандарды өзі аралап, ахуалды бақылаумен болған.

Жоғары санатты дәрігер Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Медициналық және Құқық мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу