Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды

661

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі оның тұрғындармен кездескен видеосын мұқият қарап, лауазымды тұлғаның әрекетін әдеп кодексіне сәйкес келмейді деп бағалады.

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды

Қызметіне кіріспей жатып, басы бәлеге қалды. Алматы облысының бас санитарлық дәрігері болып кеше ғана тағайындалған Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қозалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі оның тұрғындармен кездескен видеосын мұқият қарап, лауазымды тұлғаның әрекетін әдеп кодексіне сәйкес келмейді деп бағалады. Енді бұл мәселе тиісті шара қолдану үшін Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады. Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігі де қазір қызметтік тексеру жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу