Алматы облысының білім беру саласында соңғы үш жылда 22 лауазымды тұлға сотталды

760

Алматы облысының білім беру саласында соңғы үш жылда 22 лауазымды тұлға сотталды

Алматы облысының білім беру саласында соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 70 қылмыстық іс қозғалған. 67 іс бойынша 22 лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлық деректері жиілеп барады. Осы жағдайға байланысты дабыл қаққан сала мамандары Талдықорғанда 600-ден астам мектеп директорының басын қосты.

Білім ордаларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды ақылы даярлаудың өзі - жемқорлықтың белгісі. Себебі, тестілеуге дайындық оқу бағдарламасының шеңберінде өтеді. Ал, білім беру туралы заңнамаларда жалпы білім беру тегін жүргізілетіні көрсетілген.

"Бір балаға 500 теңге деген аз ақша сияқты. Бірақ, бүкіл облыс деңгейінде алсақ, бұл көлемді ақша. Оның барлығы түптеп келгенде сыбайлас жемқорлықтың тікелей элементіне жатады. Ол бүгінгі күні мектеп қабырғасында ата-аналардан ақша жинау көрінісі", - дейді , ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу