Алматы облысының экономикасы 6 трлн теңгеге жетті

86

Аймақ әкімі Марат Сұлтанғазиев жалпы өңірлік өнім көлемі үш жылда 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өскенін мәлімдеді.  

Алматы облысының экономикасы 6 трлн теңгеге жетті Фото: ortcom.kz

Алматы облысының экономикасы негізгі бағыттары бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша облыс экономикасы республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілген.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4%-ға жетсе, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8%-ды құрады. Ірі өнеркәсіптік облыстардан озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық", – деп мәлімдеді аймақ әкімі Астанадағы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Марат Сұлтанғазиев әсіресе өнеркәсіп саласы айрықша өсім көрсетіп, өндіріс көлемі 108,7%-ға артып, 2,1 трлн теңгені құрағанын айтады. Жалпы өнеркәсіп өндірісінің 90%-ы өңдеу секторының үлесіне тиесілі.

"Осылайша, аграрлық бағытпен ғана шектелмей, инновациялық технологиялар мен өңдеу өндірісін дамытатын жетекші өңірге айналып отырмыз. Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі (бүкіл инвестициялардың 29 % өнеркәсіп саласына тиесілі)" , – деді Сұлтанғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу