Алматы облысының ет экспорттаушыларының мәселесі шешілмей отыр

798

Бүгінде қой етін экспорттаумен елде 4 облыс қана айналысады.

Алматы облысының ет экспорттаушыларының мәселесі шешілмей отыр

Қой етін сыртқа тасымалдаудағы қиындықтар әлі де шешілер емес. Алматы облысында бір топ экспортерлер жергілікті әкімдікке осындай шағымдарын жеткізді, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша, ақжағалылар тауарды халықаралық жүк көлігі транзитіне дейінгі жеткізу мәселесін шешуге құлықсыз. Шаруалар бір жылдан бері қой етін Талдықорған әуежайы арқылы транзиттік аймаққа жеткізіп беруді сұраумен келеді екен. Бастаманы бірнеше жауапты министрлік те қолдап, келісімін берген. Тек оған жергілікті бюджеттен әуе қызметіне қосымша қаржы бөлінуі қажет. Бірақ шенділердің жауабы қаржының жоқтығымен шектелуде.

Бүгінде қой етін экспорттаумен елде 4 облыс қана айналысады. Алматы өңірінің өзінде соңғы санақ бойынша 5 млн қой бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу