Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады.
Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18-19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, ҚБТУ төменгі жағында) өтеді.
Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.
Жәрмеңкеге:
- 16 тонна ет;
- 1,6 тонна сүт өнімдері;
- 18,6 тонна картоп;
- 19,5 тонна пияз;
- 36,2 тонна түрлі көкөніс;
- 6 тонна күріш;
- 3,3 тонна бал;
- 26 тонна алма мен жеміс-жидек;
- 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.
Іс-шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.