Алматы облысының кәсіпкерлерінен заңсыз салық өндіріліп келген

Облыс прокуратурасымен салық органдары тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін жарнама үшін заңсыз салықтар өндіру деректері анықталды, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматы облысының кәсіпкерлерінен заңсыз салық өндіріліп келген Фото: egemen.kz

"Жарнама туралы" заңда оның түрлері нақты айқындалған және маңдайшалардың оларға қатысы жоқ екені көрсетілген.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінің жарнамалары туралы ақпаратты мелмекеттік кірістер органдарына жолдаған кезде, маңдайшаларды да жарнама ретінде көрсеткен.

Осындай заң бұзушылықтар 220 кәсіпкерге қатысты орын алып, прокуратураның қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні 60 кәсіпкердің дербес шоттарына заңсыз өндіріп алынған салықтар артық төлем ретінде есептелді.

"Бизнес субъектілеріне "Жарнама туралы" Заңның 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы жармаға жатпайтынын түсіндіреміз. Осындай салықтарды төлеуге міндеттеген кезде прокуратура органдарының кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған мобильді топтарға жүгінуді сұраймыз", – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу