Алматы облысының Кеген ауданында 15 отбасы баспаналы болды

1317

Тұрғын үйлер негізінен әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасыларға, көпбалалы жанұяларға берілді.

Алматы облысының Кеген ауданында 15 отбасы баспаналы болды

Елорда күнінде Алматы облысының Кеген ауданында 15 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеген ауданының орталығында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған 15 үйдің кілті кезекте тұрған отбасыларға салтанатты түрде табысталды. Тұрғын үйлер негізінен әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасыларға, көпбалалы жанұяларға, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген Рысалды Малдыбековаға берілді.

Осы күні аудандағы құқық саласының бір-бір қызметкері де үйлі болды. Қуанышқа аудан әкімі Талғат Байеділов қатысып, мереке күні баспаналы болған отбасыларды қоныстарымен құттықтады. Мұндай игі іс алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Аудан орталығында тағы 36 тұрғын үй салынбақ.

Сондай-ақ шара барысында 15 үйді салған "СЕМ ШОҒЫ" құрылыс сервис" ЖШС-нің директоры Серік Жазықбаев сөз алып, аудан әкіміне естелік кілтті тапсырды.

Ал қуанышқа кенелгендердің бірі Тимур Айтжанов осындай қолдау мен қамқорлық үшін Мемлекет басшысына, облыс, аудан әкіміне жүрекжарды алғысын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу