Алматы облысының наубайханаларына төмендетілген бағамен ұн жеткізілді

1683

"Жетісу" ӘКК ұн шығарушы кәсіпорыннан өнімді келісіне 130 теңгеден сатып алды. Ал наубайханалар үшін ұн 90 теңгеден беріледі. 

Алматы облысының наубайханаларына төмендетілген бағамен ұн жеткізілді

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ұн "АзияАгроФуд" АҚ жергілікті кәсіпорнынан сатып алынды.

"Қазіргі таңда Алматы облысының аудандарының басым бөлігіне 600 тоннадан астам тонна ұн жібердік. Алдағы уақытта барлық наубайханалар жоғары сапалы ұнмен тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Қазір Шамалған стансасынан Талдықорған қаласына, Алакөл және Қаратал аудандарына 4 вагон ұн жөнелтілетін болады", – деді "АзияАгроФуд" АҚ басқарма төрағасы Саян Әшенов.

"Жетісу" ӘКК ұн шығарушы кәсіпорыннан өнімді келісіне 130 теңгеден сатып алды. Ал наубайханалар үшін ұн 90 теңгеден беріледі. Осылайша, мемлекет әрбір килограмм үшін 40 теңгеден субсидиялайды.

"Бұндай баға өз кезегінде наубайханалардың қалыпты нанның өзіндік құнын 80-85 теңгеден асырмауға мүмкіндік береді. Ұнға деген сұраныс өте жоғары. Бұл бағаның төмендігімен ғана емес, сапасымен де байланысты. Қазіргі уақытта ӘКК, аудан әкімдіктері мен наубайханалар арасында ұн жеткізу туралы 39 агенттік келісім жасалды", – деп атап өтті "Жетісу" ӘКК" ӨДИ" АҚ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі департаменттің директоры Бахтияр Сембеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу