Алматы облысының орманын 4 жаңа өрт сөндіру бекеті күзетеді

504

Бекеттер өрт қаупі күшейген кезеңде тәулік бойы жұмыс істейді.

Алматы облысының орманын 4 жаңа өрт сөндіру бекеті күзетеді Фото: ҚР ТЖМ

Орман алқаптары мен мемлекеттік саябақтарда өрттің алдын алу мақсатында ҚР ТЖ Министрлігінің, Алматы облысы ТЖД нұсқауы бойынша Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 4 өрт сөндіру бекеті құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл бекеттер орман алқаптарында өрт пайда болған жағдайда жедел ден қоюға және оларды жоюға арналған.

Олардың екеуінде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, қалғандарына №28237 әскери бөлімнің қызметкерлері кезекшілік етеді.

"Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарындағы бекеттерде Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы кезекшілікте болады. Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында Қарасай ауданының Уезковое шатқалында 30 адам және 8 бірлік техникадан тұратын №28237 жж 30 әскери қызметшісі кезекшілік етеді. Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында Талғар ауданы Маралсай шатқалында 2 қызметкер және Талғар қ. МӨС-2 техникасының 1 бірлігі, Маралсайда 28 әскери қызметші және №28237 жж техникасының 6 бірлігі кезекшілік етеді", - делінген хабарламада.

Әскери қызметшілер ықтимал жануды сөндіру үшін шанц құралдарымен және барлық қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу