Алматы облысының Панфилов ауданына жаңа әкім тағайындалды

3033

Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Әбенұлы Өмірәлиев өз өтініші бойынша Панфилов ауданының әкімі қызметінен босатылды.

Алматы облысының Панфилов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Марат Рахымбердіұлы Сағымбек Панфилов ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір басшысының сайтына сілтемемен.

Марат Рахымбердіұлы Сағымбек 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын астық сақтау және өңдеу технологиясы, Әулие Ата университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Панфилов ауданы Киров атындағы колхоздың құрылысшы болып бастады.

Әр жылдарда Панфилов ауданы Киров атындағы колхоздың саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, Панфилов ауданы Бірлік ауылы төрағасының орынбасары, ауылдық Кеңес төрағасының орынбасары, төрағасы, депутаты, Панфилов аудандық әкімшілігі аппаратының басшысы, Жаркент қаласының шағын және орта бизнесті қолдау қоры бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің Панфилов ауданындағы "Бахты" жолаушылар бөлімінің инспекторы, "Қорғас" кедендік бақылау департаментінің кедендік күзет және тәртіп бөлімінің инспекторы, Талдықорған қалалық Әділет басқармасының паспортшысы, Алматы облысы Әділет департаментінің  Діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Панфилов аудандық Әділет басқармасының басшысы, Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы, Талдықорған қаласында Алматы облысы Әділет департаменті әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан – Алматы облысы Әділет департаменті Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу