Алматы облысының Полиция департаментіне жаңа басшы келді

438

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының Полиция департаментіне жаңа басшы келді Фото: ІІМ

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға Алматы облысы Полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

Полиция полковнигі Мейрам Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары болған.

Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу