Алматы облысының полиция ғимаратын "бомбалаған" ер адам ұсталды

505

Талдықорғанда полиция ғимаратына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Алматы облысының полиция ғимаратын "бомбалаған" ер адам ұсталды

"16 тамыз күні Талдықорғанның "102" шұғыл желісіне облыстық Полиция департаментінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Дабыл бойынша әрекет еткен саперлер, кинологтар және әртүрлі мамандар барлық бөлмелерді, сонымен қатар жақын орналасқан аумақты тексерді. Хабарлама жалған болып шықты. Осы аралықта жедел бөлімшелердің қызметкерлері жалған террористі шұғыл анықтап, ұстап, оны қалалық полицияға жеткізді", – делінген полиция мәліметінде.

Ұсталған күдікті Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны. Ол жасаған ісіне өкінетінін айтып, қала тұрғындарынан мұндай әзілі үшін кешірім сұрады.

"Мас болып, бомба туралы хабарладым. Мас күйімдегі әрекетім үшін заң алдында жауап беруім керек", – деді ұсталған ер адам.

Полицейлер терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Қолданыстағы заңнамада ірі көлемде ақшалай айыппұл, бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу