Алматы облысының полициясы Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді

700

Тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. 

Алматы облысының полициясы Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді Фото: бейнеден скриншот

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлады inbusiness.kz сайты Алматы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу