Алматы облысының прокуратурасы "ҚазАвтоЖолға" қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Құзырлы орган мәліметінше, Алматы-Шелек-Қорғас республикалық тасжолының 165-шақырымында жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты.
Жол апатының басты себебі – көктайғақ пен қар жамылғысының уақтылы тазаланбауы.
"Автомобиль жолдары туралы" Заңның 19-бабына сәйкес жол органы мен жол әкімшілері күтіп ұсталатын жолдар мен олардағы құрылыстарды көлік құралдарының тоқтаусыз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жағдайда ұстауға жауапты.
Істі Алматы облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеп жатыр.