Алматы облысының прокуратурасы кезекті инвесторға көмек көрсетті

309

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.  

Алматы облысының прокуратурасы кезекті инвесторға көмек көрсетті Фото: gov.kz

​Басты міндет табысты инвестициялық ахуал құру және инвесторлардың заңды құқықтарының бұзылуына жол бермеу.

​2019 жылы Алматы облысында вольфрам кендерін өндіру зауытын салу бойынша "Жетісу Вольфрамы" ЖШС жобасын іске асыру басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылы зауытты іске қосу үшін инвесторға энергиямен жабдықтау қуатын ұлғайту және ол үшін "АЖК" АҚ-дан техникалық шарттар алу талап етілді.

​Алайда, мемлекеттік органдар тарапынан бұл рәсім уақытымен кешіктірілді және кейіннен инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді.

​Осы мәселе бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасымен уәкілетті органдардың және "АЖК" АҚ қатысуымен фронт-офис отырысы ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша инвестор электр қуатына қосылуға техникалық шарттар алды және жобаны іске асыруды жалғастырды. ​

Айта кетсек зауытты пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланған және бүгінгі таңда "Жетісу Вольфрамы" ЖШС ел экономикасына 96 млрд теңге инвестициялап, 1000 жаңа жұмыс орнын ашты.

Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу