Алматы облысының су-құтқару қызметі жаңа техникамен жабдықталды

398

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағына заманауи жаңа техниканы табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының су-құтқару қызметі жаңа техникамен жабдықталды Фото: ТЖМ

Материалдық-техникалық базаның кезекті толықтырылуы бөлімшенің судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін одан әрі арттырады.

Ведомство басшысы бөлімшеге бару барысында құтқарушылардың қызмет өткеру жағдайымен, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуымен және Қапшағай су қоймасындағы тәулік бойы ұйымдастырылған кезекшіліктің жұмысымен танысты.

Қазақстан ТЖМ үшін техникалық жарақтандыруды жүйелі түрде жаңғырту басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жаңа техника су-құтқару қызметінің әлеуетін күшейтіп, шомылу маусымында Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу