Талдықорған қалалық сотында Алматы облысы бойынша МСЭҚК судьясы Алмакүл Түменбаеваға, кәсіпкер П.-ға, сондай-ақ делдал А. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Алмакүл Түменбаеваға алаяқтық жасады деген айып тағылды. П.- жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамға делдал арқылы қомақты мөлшерде пара беруге әрекеттенген. А. мен Ж. пара алу бойынша делдалдық еткен.
Сот, Түменбаеваның медиаторлар Ж. және Т.-ға көрінеу жалған ақпарат бергенін, оған сәйкес Алматы облыстық сотының апелляциялық сатысында оның шешімін өзгеріссіз қалдыруға ықпал ете алатынын анықтады.
ЖШС директоры П.делдал арқылы қомақты сомада 3 миллион теңге көлемінде пара бермек болған.