Алматы облысының судьясы мен салық қызметкері тергеліп жатыр

550

Салық берешегі бар кәсіпорындарды банкрот деп тану үшін парақорлық ұйымдастырылған.  

Алматы облысының судьясы мен салық қызметкері тергеліп жатыр Фото: zakon.kz

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінген.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасына және Қылмыстық-процесстік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінә соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу