Алматы облысының тауларында 15-18 қаңтар аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін

546

Қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады. 

Алматы облысының тауларында 15-18 қаңтар аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін Фото: Inbusiness.kz

Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларды сақтауға шақырды.

"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - деп хабарлады ТЖД-дан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу