Алматы облысының тауларында 3 турист құтқарылды

311

Туристер 3600 метр биіктікте адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.  

Алматы облысының тауларында 3 турист құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында 3600 метр биіктікте таудан түсіп келе жатқан үш турист адасып, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz айты.

Оқиға түнде Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы асуы маңында болған. Туристердің орналасқан жері геолокация арқылы анықталғаннан кейін, "Бұтақты" бақылау-құтқару бекетінің мамандары мен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары оқиға орнына аттанды.

Құтқарушылар үш туристпен байланыс орнатып, оларды таудан қауіпсіз түсірді. Туристер "Алма-Арасан" шипажайына аман-есен жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу