Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

742

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін Фото: gov.kz

Алматы облысының тауларында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы облысының тауларында 2025 жылғы 1-2 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар", – делінген хабарламада.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу