Алматы облысының тауларында швейцариялық туристке көмек көрсетілді

548

Қолайсыз ауа райына байланысты туристке уақытша паналау орны ұсынылып, асуға дейін жол көрсетілді.  

Алматы облысының тауларында швейцариялық туристке көмек көрсетілді Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысындағы Бутаков шатқалында ТЖМ-нің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бақылаушысы Александр Судариков қолайсыз ауа райында қиын жағдайға тап болған Швейцариядан келген туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, патрульдеу кезінде қызметкер нөсер жаңбыр астында қалып, әбден су болған шетелдік туристі кездестірген. Қауіпсіздік мақсатында туристке ауа райы жақсарғанға дейін бақылау бекетінде паналауға мүмкіндік берілді.

Келесі күні ауа райы тұрақтанғаннан кейін Александр Судариков туристі асуға дейін шығарып салып, ауыр жүгін көтеруге көмектескен. Соның арқасында шетелдік саяхатшы өз бағытын қауіпсіз жалғастырды.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тауға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият зерделеуге, маршрутты өз мүмкіндігіне қарай таңдауға, сапар бағыты туралы жақындарына алдын ала хабарлауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ ауа райы күрт нашарлаған жағдайда бағытты жалғастырмай, дереу көмекке жүгіну қажеттігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу