Алматы облысының тауларында тас құлаған турист құтқарылды

308

Турист ауруханаға жеткізілді.  

Алматы облысының тауларында тас құлаған турист құтқарылды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Алматы облысындағы Левый Талғар шатқалында тауға жорыққа шыққан туристің үстіне тас құлап, ол ауыр жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шатқалдың биіктігі 2 970 метрді құрайды. Оқиға орнына Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мен "Барыс" республикалық құтқару қызметінің екі бақылау-құтқару бекетінің мамандары жіберілді.

Құтқарушылар зардап шеккен туристі тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған.

Мамандар туристі күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай тасымалдаған. Жолда оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылды.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде зардап шеккен адам "Шымбұлақ" тау курортына жеткізіліп, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Ол қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу