Алматы облысының тауларында турист тікұшақпен эвакуацияланды

314

Турист ауруханаға жеткізілді.  

Алматы облысының тауларында турист тікұшақпен эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Талғар ауданында денсаулығы нашарлаған турист таудың қолжетімділігі қиын жерінен эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Қазавиақұтқару" тікұшағымен №19 мореналық көл аумағына ұшып барып, туристі теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктіктен эвакуациялады.

Тікұшақ Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың жанындағы тікұшақ алаңына қонды. Турист одан әрі медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

ТЖМ тауға шығар алдында дене дайындығын, денсаулық жағдайын және ауа райын ескеруге шақырды. Өзін жайсыз сезінген жағдайда дереу көмекке жүгіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу