Алматы облысының тұғындары вакцинаны Алматы қаласында салдыра алады

781

Қос аймақта вакцинациялау процесін үйлестіру бойынша жұмыс тобы құрылды. 

Алматы облысының тұғындары вакцинаны Алматы қаласында салдыра алады

Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары Ержан Бабақұмаров пен Батыржан Байжұманов онлайн форматта жаппай вакцинациялау бойынша өңірлік штабтардың бірлескен отырысын өткізді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы шаһар әкімдігіне сілтеме жасап.

Бірлескен отырысқа қала аудандарының және облыстың шекаралас аудандарының әкімдері, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудандық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

"Басты міндет — Алматы облысында тұратын және Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін азаматтарды вакцинациялау бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен механизмді ескере отырып, қала тұрғындары вакцинаны тіркелген жеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша ала алады. Сонымен қатар, Алматы облысының көптеген тұрғындары Алматы қаласының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істейді. Осыған байланысты, отырыста ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін өңіріне (Алматы қаласы, Алматы облысы) және нақты тұратын немесе тіркелген жеріне  қарамастан, жұмыс орны бойынша вакцинациялау туралы шешім қабылданды", - деп жазылған Алматы әкімдігі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу