Алматы облысының үздік спортшыларына ақшалай сыйлық берілді

1543

Жеңімпаз деп танылған облыстағы спорттық ұйымдардың әрқайсысы 500 мың теңгенің ақшалай сертификатына ие болды. 

Алматы облысының үздік спортшыларына ақшалай сыйлық берілді

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов 2018 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт бөлімдері мен мекемелерді, осы саланы насихаттаған журналистерді марапаттады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Жеңімпаз деп танылған облыстағы спорттық ұйымдардың әрқайсысы 500 мың теңгенің ақшалай сертификатына ие болды. Олардың арасында Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, Талдықорғандағы № 1 олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, Алматы облысы бойынша грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы бар.

700 мың теңгенің сертификаты самбодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылғы XVІII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Ділдаш Құрышбаеваға берілді.

Халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2018 жылғы XVІII жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрмахан Тыналиев, мүгедек-спортшылар арасында пауэрлифтингтен III Паразия Ойындарының күміс жүлдегерлері Раушан Қойшыбаева мен Рахметжан Хамаев және қола жүлдегері Гүлбану Абдыхалыкова 400 мың теңге ақшалай сертификатқа ие болды.

Сол сияқты каратэ шинкиокушинкайдан ерлер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мерей Сүйіновке, бокстан жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Анель Құдайбергенге, самбодан әйелдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы Гүлнұр Ерболова, қол күресінен 2018 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы Алена Станскаяға 300 мың теңгеге ақшалай сертификат табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу