Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жұмыстары жалғасуда

432

 Қазіргі уақытта су басу қаупі жойылды.  

Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жұмыстары жалғасуда Фото: gov.kz

ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйымның күштерімен үйінді бөгет салу және суару арнасын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 45 тоннаға жуық инертті материалдар төселген, су жүру қаупі жоқ.

Осы жұмыстарға ТЖ  департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 25 қызметкері мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 ақпанда көзбен шолып тексеру жүргізу кезінде Балқаш ауданында, Жиделі ауылдық округінің аумағында, Бәйменей ағынының Балқаш көліне құятын жерінде мұз кептелісі орын алғаны анықталды. Каналдың ені 5-6 метр, тереңдігі 4 метр, су ағыны секундына 0,4 текше метр. Соның салдарынан Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін Байменей өзенінен бөлінетін суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі туындады. Аталған ауылдық округте 293 жеке тұрғын үй бар, онда 1330 тұрғын тұрады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу