Алматы оқушылары үшін қорытынды емтихан мен бітіру кештері қашан өтеді?

Ақпаратты ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты.  

Алматы оқушылары үшін қорытынды емтихан мен бітіру кештері қашан өтеді? Фото: Almaty.tv

Алматы қаласының 9-сынып бітірушілер үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары  2-13 маусым аралығында өтеді,  ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5–19 маусым аралығына жоспарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Қазіргі уақытта 18 мамырдан 5 шілдеге дейін әл - Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізіледі.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Жанат Айтпаева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін 28 маусым мен 1 шілде аралығында өткізу ұсынылатынын айтты.

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынылады.

"Білім басқармасы сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады", – деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу