Алматы өндірушілері республикалық көрме-байқауына қатысып жатыр

Елордада "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауы басталды.

Алматы өндірушілері республикалық көрме-байқауына қатысып жатыр Фото: inbusiness.kz

Биыл Алматы қаласынан өңірлік кезеңде жеңіске жеткен 9 компания ұсынылады: "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" номинациясында 3 компания,  "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясында – 3 компания және "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясы бойынша 3 кәсіпорын.

"Алматы қаласын ел ішінде де, шетелде де танылған брендтері бар компаниялар ұсынады. Олардың арасында байқауға әр жылдары қатысқан тәжірибелі конкурсанттар, сондай-ақ байқауға алғаш рет  қатысып жатқан компаниялар бар. Алматылықтарға жеңіс тілейміз!", – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов.

Еске салсақ, "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 жарлығымен құрылған. Республикалық кезеңде байқау ұйымдастырушының сарапшылық тобының мүшелері 27 финалист ішінен онлайн-дауыс беруге қатысу үшін үш номинация бойынша үздік тоғыз өндірушіні анықтайды.

"Онлайн-дауыс беру 29 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді. Еліміздің әр тұрғыны өзіне ұнаған компанияға өз дауысын бере алады. Ал соңғы, төртінші кезеңде "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауының 9 дипломанты анықталады", – деді Алматы кәсіпкерлер палатасының ҰКП мүшелерімен жұмыс жөніндегі жетекші сарапшысы Самал Урасаева.

Республикалық көрме-байқау 27-28 қазанда Астана қаласында "Экспо" көрме орталығының алаңында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу