Биылғы жылы Алматы облысында 500 мың гектарға жуық жерге дәнді дақылдар себілген. Өткен жылы өңірде 1339,6 мың тонна дәнді дақыл жиналса, биылғы жылы шаруалар 1345,6 мың тонна жинауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Егіс жинау науқанына алғашқылардың бірі болып Кербұлақ ауданы кірісті. Аталмыш ауданда бидай мен қарабидай 84,8 мың гектарға себілген. Егіс жинау науқаны басталған алғашқы 4 күнде кербұлақтықтар 1000 га алқапты жинап үлгерген.
Сондай-ақ жиын-терінге Жамбыл, Іле, Қаратал аудандары мен Қапшағай қаласы да кірісе бастады. Науқан мерзімінен кешікпей басталып отыр. Жақын күндері егіс жинау кампаниясына облыстың өзге аудан, қалалары да қосылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу