"Асыл Арман" тұрғын үй кешені маңындағы эстакадада қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындары “құбыр” үлгісіндегі жолайрық арқылы Алматы қаласына қарай және республикалық маңыздағы "Алматы-Бішкек" тасжолына кедергісіз шыға алады. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жол белгілері орнатылып, жол таңба сызығы жаңартылды.
Мердігер ұйым келісімшартқа қол қойған күннен бастап бір жылға жуық уақыт аралығында жол қозғалысын қамтамасыз етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу