Алматы Өңірлік кеңесінің төрағасы кәсіпкерлерді 5-6 қаңтарында қызметкерлерін жұмысқа шақырмауға үндеді

696

Қазір қалалық комендатурадан ресми ақпарат күтілуде. 

Алматы Өңірлік кеңесінің төрағасы кәсіпкерлерді 5-6 қаңтарында қызметкерлерін жұмысқа шақырмауға үндеді

Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев кәсіпкерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді, азаматтар мен бизнестің қызметіне бірқатар шектеулер енгізілді. Осыған орай, алматылық кәсіпкерлерді 2022 жылдың 5 және 6 қаңтарында өз қызметкерлерін төтенше жағдайда ғана жұмысқа шақыруға шақырамын. Бүгін-ертең үйден шығудың қажеті жоқ. Арандатушылыққа жол бермеңіздер. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық танытыңыздар”, – деді спикер.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы барлық өзгерістер туралы "Business Headquarters Almaty" телеграм-каналы және басқа да ақпарат көздері арқылы хабарлайды. Қазір қалалық комендатурадан ресми ақпарат күтілуде. Сондай-ақ, Алматыда 1432 сенім телефоны және +7 727 3310133 call-орталығы жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, Жаңаөзенде басталған бейбіт шерудің арты Алматы, Тараздағы шерулерге ұласты. Әзірге 200-ге жуық адам ұсталды. Алматы, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында 19-қаңтарға дейін Төтенше жағдай енгізілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу